Текст
09.02.2026
Бүгін 9 ақпанда мектеп директоры А.Т. Хамзина "Қазақстан Республикасының өзекті Конституциялық моделі: мемлекет, қоғам және құқық арақатынасы"тақырыбында семинар-диалог түрінде іс-шара өткізді. Оның барысында ҚР Конституциясы жобасының негізгі ережелері, мемлекет пен азаматтық қоғамның рөлі, сондай-ақ қоғамдық қатынастарды реттеудегі құқықтың маңызы талқыланды. Семинар мұғалімдердің, мектеп қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықтық мемлекет қағидаттарын түсінуді қалыптастыруға ықпал етті.