05.02.2026
2026 жылғы 5 ақпанда «Конституция – мемлекеттің дамуы мен тұрақтылық кепілі» тақырыбында ұстаздар қауымдастығымен кездесу өткізілді. Кездесуге мектептің барлық педагогикалық ұжымы қатысты. Кездесу барысында жаңа Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы, мемлекеттің саяси және құқықтық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлі, сондай-ақ әрбір азаматтың конституциялық құқығы мен міндеттері егжей-тегжейлі талқыланды. Ұстаздарға жаңа Конституция бойынша шешімдерді қабылдау процесі жалпыұлттық референдум арқылы жүзеге асырылатыны нақты түсіндірілді. Сонымен қатар, педагогикалық ұжымға жаңа Конституцияның негізгі жаңалықтары мен өзгерістерінің мәні, азаматтардың құқықтары мен жауапкершіліктерінің кеңейгені туралы ақпарат ұсынылды. Кездесу соңында қатысушылар өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтып, Конституцияға қатысты сұрақтарына толық жауап алды.