Текст
28.01.2026
Қазақстан Республикасында жүйелі түрде қорқыту (буллинг) үшін жауапкершілік қолданылады. 2024 жылғы 16 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына буллинг үшін жауапкершілікті белгілейтін нормалар енгізілді. Агрессорлар үшін жазалау шарасы оның салдарының ауырлығына байланысты анықталады: жәбірленуші өз-өзіне қол жұмсаған жағдайда 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыра отырып, 10 айлық көрсеткіш мөлшеріндегі әкімшілік айыппұлдан қылмыстық жауаптылыққа дейін.